Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

23.03.2025 10:54

Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті

@eduardocanо /Unsplash

Гимнаст Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) Әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды.

Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.

«Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Айта кетейік, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты», - делінген хабарламада.

Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа сайланған президентін құттықтады