Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

23.02.2025 10:07

Милад Карими еркін жаттығуда үздік атанды

instagram.com/milad_milka

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы еркін жаттығуда үздік атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.

Екінші орын жапондық Кацуки Минамиге бұйырды – 13,666 ұпай.

Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қола жүлде алды