Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды

09.03.2025 17:19

Ол төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады

@eduardocanо /Unsplash

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.

Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Оқи отырыңыз: Дональд Трамп футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатын өзі ұйымдастырмақ