Қазақстандық спортшы төрт құрлық чемпионатында тағы топ жарды

17.11.2024 16:45

Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды

instagram.com/qaz.iceteam

Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионатының шешуші жарыс күні Ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazsports.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды.

"Ұлттық құрама спортшысы мәреге санаулы сəттер қалғанда екі канадалық Давид ла Рун мен Хайден Майерден озып кетті. Бұл Қазақстан құрамасының Жапониядағы жарыстағы үшінші жүлдесі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Виталий 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен 4 құрлық чемпионатында 5000 метрге жарыста жеңіске жеткен.

Жалпы 4 құрлық чемпионаты деген Еуропадан басқа құрлықтағы мемлекеттің спортшылары сынға түсетін жыл сайынғы жарыс.

Оқи отырыңыз: Елдос Сметовке тағы бір бағалы марапат табыс етілді