Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

05.04.2025 12:55

Кездесу 47 минутқа созылды

John Fornander / Unsplash

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

"Ширек финалда Дмитрий аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті 6:1, 6:1 есебімен жеңді", - делінген хабарламада.

Кездесу 47 минутқа созылды.

Оқи отырыңыз: Интернет-алаяқтық: Атырауда 80 млн теңге жымқырған әйел ұсталды