Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнир бастала салысымен жеңіліп қалды

instagram.com/ktf.kz
instagram.com/ktf.kz

Спортшылар жұптық матчтың 1/8 финалын өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық теннисшілер Дмитрий Попко мен Бейбіт Жұқаев Шарлоттсвиллде (АҚШ) Челленджердің жұптық матчының 1/8 финалын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

"Алғашқы кездесуде қазақстандық дуэт америкалық Роберт Кэш пен Джеймс Трейсиден 4:6, 6:4, 4:10 есебімен жеңіліп қалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Попко мен Жуқаев Шарлоттсвиллде Челленджердің жекелей сында өнер көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз: Алматылық тәртіп сақшысы самбодан әлем чемпионы атанды

Новости партнеров