Спортшылар жұптық матчтың 1/8 финалын өткізді
Қазақстандық теннисшілер Дмитрий Попко мен Бейбіт Жұқаев Шарлоттсвиллде (АҚШ) Челленджердің жұптық матчының 1/8 финалын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
"Алғашқы кездесуде қазақстандық дуэт америкалық Роберт Кэш пен Джеймс Трейсиден 4:6, 6:4, 4:10 есебімен жеңіліп қалды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыған дейін Попко мен Жуқаев Шарлоттсвиллде Челленджердің жекелей сында өнер көрсеткен болатын.
Оқи отырыңыз: Алматылық тәртіп сақшысы самбодан әлем чемпионы атанды