Қазақстанның сұлу боксшысы әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді

Nomad Promotions
Nomad Promotions

Ол алдағы уақытта АҚШ-қа кетуді жоспарлап жүрегнін айтқан еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешіндегі жеңісінен кейін com сайтының жаңартылған рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Балауса Астанадағы бокс кешінде филиппиндік Мария Тереза ​​Пинилимен (7-2, 2 КО) жұдырықтасқан болатын.

"Сегіз раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Балауса жеңіске жеткен. Сол жеңістен кейін BoxRec жеңіл салмақтағы рейтингте Балаусаны 14-орыннан 9-орынға көтерді", - делінген хабарламада.

Балауса Мұздыман 2017 жылдан бері кәсіпқой бокста жүргенімен, дебютінен кейін алты жыл бойы жекпе-жек өткізбеген. 2023 жылдың наурыз айынан бастап тұрақты түрде рингке шыға бастады.

Оқи отырыңыз: "Күлдіретін шарик" тұтынған жастар есін жоғалтып жатыр – депутат дабыл қақты

Новости партнеров