Құны 120 млн теңге тұрады: "Ордабасының" шабуылшысы Еуропаға кетті

02.02.2025 14:15

Шымкенттік клуб онымен бірге ел чемпионы атанған болатын

ФК Ордабасы

Соңғы үш маусым Шымкенттің "Ордабасы" клубында ойнаған 28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский карьерасын Польшада жалғастырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Польшаның «Котвица» клубымен келісімшартқа отырған. "Ухо" телеграм арнасының жазуынша, футболшы командамен бірге жаттығуды бастап кеткен. Жолдастық кездесулерге де қатысып үлгерген.

"Садовский "Ордабасы" сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соққан. Шымкент клубы онымен бірге 2022 жылы – ел кубогына, 2023 жылы Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді", - делінген хабарламада.

Футболшының трансферлік құны 225 мың еуро еуро (120,9 миллион теңге).

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды