Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшы қыздар қанша сыйақы алады

20.03.2025 21:25

Олардың бапкерлері мен дәрігерлерге де сыйақы қарастырылған

instagram.com/boxingkazakhstan

Ниш (Сербия) қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

ІВА жеңімпаздарға 100 мың доллардан берсе, күміс жүлдегерлерге 50 мың, қола жүлдегерлерге 25 мың доллардан тағайындаған:

  • Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары;
  • Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары;
  • Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары;
  • Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары;
  • Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары;
  • Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары.

Бұдан бөлек Қазақстан бокс федерациясы да боксшы қыздарымызға дәл осындай сыйақы береді.

  • Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары;
  • Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары;
  • Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары;
  • Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары;
  • Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары;
  • Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары.

Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, 8-16 наурыз аралығында өткен әлем біріншілігінде қыздарымыз үш алтын, екі күміс және бір қола медаль еншіледі. Соның ішінде Назым Қызабай әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Оқи отырыңыз: Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді