Әлем кубогы кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды

07.03.2025 18:18

Финалдық сайыстар 8 наурызда басталады

@eduardocanо /Unsplash

Әзірбайжанның Баку қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аясында ат снарядындағы жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңге Қазақстан құрамасынан екі гимнаст қатысқан болатын. Нәтижесінде Зейнолла Ыдырысов финалға жолдама алды.

«Ол 14,133 ұпай жинап, төртінші орынмен келесі кезеңге өтті», - делінген хабарламада.

Ал Ілияс Әзізов (13,133 ұпай) финалға бір қадам жетпей, тоғызыншы орын алды. Финалға сегіз гимнаст өткен еді.

Айта кетейік, 7 наурызда Милад Карими (еркін жаттығулар), Ілияс Әзізов және Дмитрий Потанин (екуі де қоссырықтағы жаттығулар) сәтті іріктеуден өткен болатын.

Финалдық сайыстар 8 наурызда басталады.

Оқи отырыңыз: Елордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды