Қазақстандық балуан 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті
Қазақстан құрамасының спортшысы Максим Мейірлан дзюдодан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
"Максим Мейірлан қола медаль үшін болған белдесуде тәжікстандық Умид Раджабовты жеңді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола жүлдені салды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, дәл осы салмақта Ермахан Әнуарбеков те қола медаль үшін күресті. Алайда ол жапониялық Комей Кавабатаға есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.
Оқи отырыңыз: Енді мектеп асханаларына тексеріс болатыны туралы алдын ала хабарланбайды