Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, "Барыс Арена" мұз сарайында өткен тарихи бокс кешінде ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңіп, чемпиондық белдіктерін сәтті қорғап шықты.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Новости партнеров