Милад Карими алтын медаль иеленіп, Әлем кубогының жалпы есебінде үздік атанды

27.04.2025 16:48

Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды

gymnastics.sport

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

«Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті

Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.

Оқи отырыңыз: Максим Мейірлан дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды