Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде екінші рет финалға шықты

27.04.2025 10:18

Бір күн бұрын ол еркін жаттығулардағы іріктеу кезеңінде де бірінші орын алған еді

Видеодан кадр

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

26 сәуірде екінші іріктеу кезеңі өтті.

«Карими кермедегі жаттығуларда өнер көрсетіп, 14,066 ұпай жинады және тағы да бірінші орынмен финалға шықты», - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын ол еркін жаттығулардағы іріктеу кезеңінде де бірінші орын алған еді.

Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіруден 13-орынға ие болып, финалға өте алмады.

Айта кетейік, ат снарядындағы жаттығуларында Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін бақ сынайды. Финал  27-28 сәуір аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті