Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты

07.03.2025 19:19

Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті

eng.gymnovosti.com

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Милад 14,166 ұпай жинап, бірінші орынмен финалға шықты. Дәл осы бағдарлама бойынша Ілияс Әзізов 12,100 ұпаймен тоғызыншы орын алды, бірақ финалға өте алмады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуда да бірінші орынмен финалға өткен еді. Ал Ілияс Әзізов пен Дмитрий Потанин қоссырықта жүлде үшін таласады. Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда финалға өткен спортшылардың қатарына енді.

Оқи отырыңыз: Әлем кубогы кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды