Наурызнама: Алматыда дәстүрлі ойын түрлері бойынша жарыс өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызнама онкүндігі аясында Алматыда дәстүрлі ойын түрлері бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қабырғасында асық ату, бес тас, қол күресі, арқан тарту және садақ ату сияқты сайыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға 200-ге жуық студент қатысып, жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, жоғары оқу орнында қазақ күресі мен тоғызқұмалақ секциялары бар. Жүзден астам студент университет құрама командасынан қалалық, республикалық біріншілікте өнер көрсетіп жүр.

 «Мақсат – Наурызнама аясында ұлттық ойындарымыздың қол жетімді ету.  халқымыздың бала тәрбиесіндегі маңызды тұсы – кішкентайынан ұлттық ойынға қызықтыру деп білеміз»,  – деді ҚазҰАЗУ Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Меруерт Тұяқбаева.     

Оқи отырыңыз: Ұлттық спорт: тоғызқұмалақ – ұлттық мұрамыздың ажырамас бөлігі

Новости партнеров