"Ордабасы" футбол клубының капитаны қанша жалақы алады

16.03.2025 15:58

Асхат Тағыберген 2023 жылғы маусымда клубтың тарихи чемпионатына үлкен үлес қосты

Markus Spiske / Unsplash

Қазақстан құрамасының капитаны, «Ордабасы» көшбасшыларының бірі Асхат Тағыберген шымкенттік клубта айына 20 миллион теңге алады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Тәжірибелі жартылай қорғаушы 2023 жылы «Ордабасыға» ауысып, бірден негізгі ойыншыға айналды.

2023 жылғы маусымда ол клубтың тарихи чемпионатына үлкен үлес қосты, сонымен қатар Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Данияға соққан тамаша голы үшін ФИФА-ның Ференц Пушкаш сыйлығының таңдаулы тізіміне енді.

2024 жылғы маусымда Тағыберген 24 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Дегенмен ҚПЛ-2025 жаңа маусымында ол осы уақытқа дейін бар болғаны екі матч өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ немесе нәтижелі пас берген жоқ.

Оқи отырыңыз: Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов нешінші орын иеленді