Серік Сәпиев Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды

27.04.2025 17:36

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

Іnstagram.com/serik_sapiyev

Белгілі боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Мен Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар, алға!» - деп жазды С. Сәпиев.

Айта кетейік, бокстан екі дүркін әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, 41 жастағы Серік Сәпиев 2024 жылдың қарашасында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді.

Оқи отырыңыз: Милад Карими алтын медаль иеленіп, Әлем кубогының жалпы есебінде үздік атанды