Спортшы 1000 метр қашықтықтағы шешуші жарыста ел намысын қорғады
Қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 1000 метр қашықтықтағы шешуші жарыста ел намысын қорғады.
«Ғалиахметов жарысты жетінші болып аяқтады. Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа иеленді. Екінші орын тағы бір канадалық Уильям Данджинуға бұйырды. Қола медальді италиялық Пьетро Сигель жеңіп алды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бір күн бұрын Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада төртінші орынға ие болды.
Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең сұлу дзюдошылардың бірі енді футболда бақ сынап көрмекші