Шпагамен семсерлесуден әлем кубогына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

26.03.2025 14:38

Жарыс 27-30 наурыз аралығында өтеді

Nathanaël Desmeules / Unsplash

Марракеште (Марокко) шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйелдер арасындағы жарыста София Николайчук, Владислава Андреева, Ляззат Карипова, Каролина Фомина, Виктория Кайдарова өнер көрсетеді.

Ерлер арасында жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин, Нариман Уәлихан бақ сынайды.

Жарыс 27-30 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама Әлем кубогына Польшадағы оқу-жаттығу жиындарында дайындалды.