Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті
Париж Олимпиадасының жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
86 келі салмақта жұдырықтастатын Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті.
Екінші раундта Нұрбек қарсыласын есеңгіретіп жіберді, соққының ауырлығынан Жечевтің капасы ұшып кетті. Осыдан кейін жекпе-жек мүлде тоқтатылып, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз: Странджа кубогі-2025: Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді