Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

02.03.2025 17:56

Спортшы еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті

Serena Repice Lentini / Unsplash

Қазақстандық Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Спортшы еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті. Друзин 127,2000 ұпай жинады», - делінген хабарламада.

Екінші орынға грек спортшысы Мариос Критсас (126,6701 ұпай) орналасса, қола медальді Стылянос Фускис (Грекия) жеңіп алды – 123,9413 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.

Оқи отырыңыз: Жәмила Бақбергенова Тиранадағы рейтингтік турнирдің чемпионы атанды