Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі Астанада өтеді

Фото ФБ парақшасынан алынды
Фото ФБ парақшасынан алынды

Кездесу 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім екені белгілі болды. Сондай-ақ кезекті жекпе-жек Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған.Qazaq Style-дың қарсыласы –  франциялық Анауэль Нгамиссенге Рейтингте 7-орында

- Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса, 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз!

Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйыртса, екі әлем чемпионы титулын қорғаймыз!

Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік! – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Дереккөз: Aikyn.kz

Оқи отырыңыз: Жүктілігінің үшінші айында күрескен: Париж олимпиадасына қатысқан дзюдошы босанды

Новости партнеров