Кездесу 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған
Танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім екені белгілі болды. Сондай-ақ кезекті жекпе-жек Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған.Qazaq Style-дың қарсыласы – франциялық Анауэль Нгамиссенге Рейтингте 7-орында
- Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса, 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз!
Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйыртса, екі әлем чемпионы титулын қорғаймыз!
Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік! – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Дереккөз: Aikyn.kz
Оқи отырыңыз: Жүктілігінің үшінші айында күрескен: Париж олимпиадасына қатысқан дзюдошы босанды