Белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген
Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңқалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген.
«722 келі. Бұл жаңа рекорд», - деді Назым Қызайбай.
Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Ол шешуші сынды Ресей боксшысын айқын басымдықпен жеңді.
Дереккөз: 1bol.kz
Оқи отырыңыз: Жетістікке жеткен спорт жеке бизнестің арқасында дамып келеді - сарапшы