Электронды сервис "Автобустар" деп аталады
Қазақстанда автобус билеттерін мобильді қосымша арқылы сатып алу сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Электронды сервис "Автобустар" деп аталады.
"Аталған сервис жол жүру билеттерін алдын ала брондау және сатып алу кезіндегі уақытты айтарлықтай үнемдейді. Сервисті жасаушылар алдағы уақытта жолаушылардың өздері мен жүктерін оқыс оқиғалардан сақтандыру мүмкіндігін енгізуді көздеп отыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы Нұр-Сұлтаннан Державинск, Константиновка, Наумовка, Степногорск, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары мен Моңғолия және Өзбекстан сынды көршілес елдерге де жол жүру құжаттарын сатып алып жатыр.
Айта кетері, алдағы уақытта аталған жобаның шеңберін ұлғайтып, барлық қалааралық және халықаралық бағыттағы маршруттарды ашу жоспарлануда.