Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

05.12.2022 15:23

Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізіліп жатыр

spectr.com.kz

Жолаушылар көлігіндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, қоғамдық көліктермен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау талаптарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласында 5-11 желтоқсан аралығында «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлердің азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр.  Қаладағы қоғамдық көліктердің техникалық  жағдайы мен балаларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылып жатыр.  Сонымен қатар, заңсыз қайта жабдықталған қоғамдық көліктерді, сондай-ақ техникалық жағдайы мен конструкциясы қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін қоғамдық көліктер мен такси көліктерін пайдалануға тыйым салу шаралары қабылданатын болады.  Заңсыз келімсектер мен заңсыз тасымалдаушыларды анықтау мақсатында көші-қон полициясымен бірлесіп транзиттік көліктерді тексеру қамтамасыз етіледі.  Алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы бірнеше рет және жүйелі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар мен көлік құралдарын анықтау мақсатында барлық тіркеу деректер базасында жүргізушілерді тексеру ұйымдастырылды», - деді, әкімшілік полиция Департаментінде.

Полицияда, көлікті мас күйінде басқару, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің басқаруы, сақтандыруы жоқ адамның көлік құралын басқаруы, қарама-қарсы жолаққа шығу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін өту ережелерін бұзу, маневр жасау ережелерін бұзу, апаттық жағдай жасау, ұялы телефонды пайдалану, көлік құралының тоқтау және тұраққа қою ережелерін бұзуы, жолаушыларды және габаритті емес жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, сондай-ақ, көлік құралының санатына сәйкес келмейтін габаритті емес жүктерді тасымалдау және т.б., деректерін анықтауға міндетті түрде баса назар аударылатынын түсіндірді.