Бұл туралы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Алматының Жетісу ауданында 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол жамылғысы Алматыдағы Жетісу ауданының тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан, әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл 18 көшеде 22 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
"Бұдан басқа, ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. Жұмыс маусым айында басталады", - деді ол тұрғындармен кездесуде.