Алматыда самокат жүргізушілері нені білуі тиіс?

05.08.2019 17:40

Мопедтердің қозғалысына қосымша талаптар белігіленген

m.sputnik.by

Алматы полициясы мопедке теңестірілетін самокатпен қай жерлерде, қандай жылдамдықпен жүруге болатынын, оларған қандай талаптар қойылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы уақытта электр самокат жүргізушілері жол жүру ережесін жиі бұзады.

«Жол қозғалысы туралы» заңға сәйкес мопед – бұл жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын электр қозғалтқышы бар екі немесе үш дөңгелекті көлік. Оған велосипед, скутер және ұқсас сипаттамалары бар басқа да көліктер жатады. Соның ішінде электр самокатта мопедтерге теңестірілген. Аталған көлікті жүргізетін адамдар, жол қозғалысы ережелерін білуге және сақтауға міндетті. Электр самокатты 16 жастан асқандар жүргізе алады. Алайда, жүргізуші куәлігі талап етілмейді», - делінген Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасының жолдаған хабарламасында.

Мопедтердің қозғалысына қосымша талаптар белігіленген.

Мопедтер велосипед жолымен жүреді. Жолдың оң жақ шетінде және маршруттық көлік құралдарына арналған жол бойымен бір қатарда қозғалуы тиіс.

«Самокат жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолымен қозғалуға тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға рульді бір қолмен ұстауға, жолаушыларды тасымалдауға, ұзындығы 

 сантиметрден немесе енінен габариттік өлшемнен асатын жүктерді алып жүруге болмайды. Жақын жерде велосипед жолы болса, сол жолдың бойымен жүру керек. Трамвай жолдарында және осы бағытта қозғалыс үшін бір жолақтан артық жолдарда солға немесе бұрылуға тыйым салынған. Сондай-ақ, жол жүру ережесінің 19-бөлімінің 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес түнде және жолдың жарықтандырылуына қарамастан, көріну жеткіліксіз болған жағдайда, тоннельдерде мопедтер артқы және алдыңғы жарықтарын қосуы тиіс», - деп хабарлайды полиция.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол пайдаланушыларының (велосипедтер, мопедтер және оларға теңестірілген көлік құралдарының жүргізушілері) жол ережелерін сақтамаса, оларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.