2019 жылы 15 мыңға жуық жол апаты орын алып, 21 мыңнан астам азамат зардап шеккен

14.01.2020 16:29

Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен қарағанда 4,2 пайызға артқан

one2car.com.ua

2019 жылы елімізде 806 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті мәлім етті. Бұл 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда 0,7 пайызға аз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар, ведомство былтыр жол апатынан зардап шеккендердің де санын жариялапты. Мәселен 11 айда 15 мыңға жуық жол апаты орын алып, 21 мыңнан астам азамат зардап шеккен. Алайда бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен қарағанда 4,2 пайызға артқан.