Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Атбасар арасында жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қалалық 109 IKomek жедел қызметінің хабарлауынша, бүгін 21 наурыз, сағат 11.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1247-1003 шақырым аралығында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған.
Оған ауа райының аяқ астынан бұзылуы, боран, жолдың көрінбеуі себеп болды.
Бұл жол учаскесі Нұр-Сұлтан қаласынан Атбасар қаласына дейінгі аралықты қамтиды.