Қазақстандықтар пойыз билеттерін жаппай өткізіп жатыр

18.03.2020 19:39

Жауаптылар халықтан билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұрайды

Almaty.tv

Қазақстандықтар пойыз билеттерін жаппай өткізіп жатыр. Елде уақытша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» жолаушылар билетінің ақшасын толықтай қайтармақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ретте билеттер кассалары қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіліпті. Жауаптылар халықтан билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз дейді.

«Мемлекетаралық пойыздардың қысқаруына байланысты біздің кассаларға билеттерді қайтару бойынша ерекше жоғары  жүктеме түсті. Осы жағдайға баййланысты билеттер кассалары қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілген. Сол немесе өзге де кассаларда қолма-қол ақшалардың жеткілікті саны болмаған жағдайды қоспағанда, жолаушыға дереу қаражат қайтарылады. Мұндай жағдайда билет жойылады. Жолаушы келесі күні өз қаражатын қайтара алады», – деді Теміржол жолаушылар тасымалы маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас АЙТБАЕВ.