Қазақстаннан әлем елдеріне ұшу арзандайды

24.11.2022 18:38

Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр

adyrna.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетел лоукостерін тарту арқылы елімізде әуе көлігіне билет құны арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бізде ұлттық оператор сегменті бар, сондай-ақ лоукостер сегменті ескерілген. Атап айтқанда, «ашық аспан» режимі аясында жолаушыларды тасымалдауға қатысты тиісті рұқсат тәсілдерін енгіземіз. Мәселен, лоукостерлер бір елден ұшып келіп, біздің ел арқылы басқа мемлекетке сапарлай алады, яғни Еуропаға немесе Түркияға әуе көлігімен бару мүмкіндігі қамтылмақ. Лоукостер болғандықтан, билет құны әлдеқайда арзан болады. Бұл қадамдарды келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр», - деді Қ. Өскенбаев тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол еліміз арқылы транзитті әлемде танылған лоукостерлер жүзеге асыратынын нақтылады.

Дереккөз:ҚазАқпарат