Пойыз аптасына екі рет жүреді
15 маусымнан бастап Алакөлге баратын «Алматы – Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, пойыз аптасына екі рет жүреді.
Сонымен қатар 18 маусымнан бастап «Алматы-Достық» бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр. Ол аптасына 3 рет қатынайды.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан қазіргі жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде екі вагонға ұлғайтылады: №258/257 Нұр-Сұлтан – Достық және №54/53 Нұр-Сұлтан –Достық.
Ведомство ақпаратынша, жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны әлсін-әлсін көбейеді.
Қазіргі уақытта Алакөл көлі бағыты бойынша келесі маршруттар ұйымдастырылған:
Нұр-Сұлтаннан:
- № 54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық» (жыл бойы), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушысы (дүйсенбі, жұма);
- № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» (20 маусымнан бастап), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушысы (бейсенбі, жексенбі);
- №122/6942/6941/121 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» пойыздарындағы тікелей вагондар (жыл бойы), тасымалдаушы «АрайТрансKZ» ЖШС (жұп күндері).
Алматыдан:
- №453 / 454 «Алматы-2-Достық» (18 маусымнан бастап ) тасымалдаушы «ПК» Тұран Экспресс «ЖШС (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
- № 21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей вагондар, тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (жұп күндері).