Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді
Елдегі қарлы боран мен көктайғақ салдарынан 122 жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның 42-сі республикалық маңызы бар учаске. ТЖМ мәліметінше, өткен тәулікте аязда үсіп, жолда қалған 7 адам құтқарылған. Арасында 5 бала бар. Тағы 56 адам уақытша жылыту пункттеріне жеткізіліпті. Қазір Қарағанды облысындағы бекеттерде жағдай ушыққан. 57 автокөлік діттеген жеріне жете алмай, жарты жолда тұрып қалған. Синоптиктер мұндай ауа райы алдағы бірнеше тәулікте сақталатынын болжайды. Осы орайда Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.