Автобустар 25 елдімекенді қамтиды
Биылғы 20 қазаннан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын «Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы кенті» сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.
Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленуде.
Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елдімекен қамтамасыз етіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Егемендік декларациясы – тәуелсіздік бастауы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті