Алматы халықаралық әуежай ғимаратының жаңа жобасы таныстырылды

07.04.2022 22:16

Құрылыс жұмыстары кезінде әуежай ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысын тоқтатпайды

Almaty.tv

Бүгін көпшілікке Алматы халықаралық әуежай ғимаратының жаңа жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нысан заманауи дизайнмен қайта жаңармақ. Әуежай президентінің айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары басталды. Жалпы аумағы 55 мың шаршы метр болатын жаңа ғимаратта 40 тіркеу бағаны мен 3 жүк тасмалдайтын лента қойылады. Бұл жұмыстар үшін 200 млн доллар инвестиция қарастырылған. Халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін әуежайда VIP-терминалдар мен жаңа бағыттағы күту залдары болады. Құрылыс жұмыстары кезінде әуежай ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысын тоқтатпайды. Барлық терминал мен қызметкер жолаушыларға қызмет көрсете береді.

«Қазір әуежай тәулігіне 16 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Оның 5 мыңы халықаралық болса, 11 мыңы ішкі рейстер. Алдағы уақытта жаңа нысан пайдалануға берілсе, оның саны арта түспек. Жаңа әуежайдың құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлап отырмыз», – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Эрсой Альп Эр Тунга.