Медеуден соңғы автобус түнгі сағат 00:30-да шығады
Тау-шаңғы маусымының ашылуына байланысты 26 қарашадан бастап №12 туристік маршрут жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді бұл маршрут бойынша 10 минуттық интервалмен демалыс күндері 20, жұмыс күндері 16 автобус қызмет көрсетеді. Маршрут Алматы-2 темір жол вокзалынан басталып, Абылай хан даңғылымен жоғары көтеріліп, Абай даңғылымен жүріп, Медеу мұз айдынына дейін барады. Медеуден соңғы автобус түнгі сағат 00:30-да шығады.
Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы.