Алматыда көшелері иесіз шіріп жатқан көліктерден тазартылуда

16.03.2019 02:32

Полицейлер өткен үш күнде қалада қараусыз қалып, тот басқан 93 көлікті анықтаған

Алматыда ескіріп, үй аулаларында қаңтарылып тұрған көліктерді айып тұрағына жеткізу әлі де жалғасып жатыр деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полицейлер өткен үш күнде қалада қараусыз қалып, тот басқан 93 көлікті анықтапты. Оның 62-сін иесі жоқ болғандықтан бірден айып тұрағына жөнелтті. Мұндай шара келесі аптаға дейін жалғасады.

Істен шығып, қоршаған ортаға зиянын тигізіп тұрған автомашиналар тағы да табылатынына полицейлер сенімді.

Естеріңізге сала кетсек, тәртіп сақшылары осы аптаның басында «Ескі көлік» атты арнайы шара бастап, қожайыны жоқ темір тұлпарларды жинай бастаған еді. Қала шаңнан көз ашпай, шіри бастаған машиналардан тазартылды.