Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 9 маусымда сағ. 08:00-ден 19:00-ге дейін Құрманғазы көшесінен Байтұрсынов, Масаншы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласы Мобильділік басқармасына сілтеме жасап.
«Троллейбустар Байтұрсынов көшесінен Құрманғазы көшесіне бұрылады.
№9 маршрут сызбасын уақытша төмендегідей өзгерістер енгізіледі: Байтұрсынов (солтүстік) - Сәтбаев (шығыс) - Сейфуллин (солтүстік) - Қабанбай батыр (шығыс), одан әрі маршрут бойынша. Кері бағытта
Қабанбай батыр (батыс) - Наурызбай батыр (оңтүстік) - Абай (батыс) - Байтұрсынов (оңтүстік), одан әрі маршрут бойынша.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.