Air Astana әуекомпаниясы соңғы рейсті 5 сәуірде жүзеге асырады
Қазақстаннан Шри-Ланкаға рейстер уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Air Astana әуекомпаниясы соңғы рейсті 5 сәуірде жүзеге асырады. Әуе тасымалдаушының мәліметінше, рейстер коммерциялық себептермен тоқтатылады.
Соңғы уақытқа дейін "Эйр Астана" Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей рейстер жасаған жалғыз компания болды. Алматы - Коломбо рейсі аптасына үш рет орындалды.
Бұған дейін туроператорлар арасында Қазақстаннан Шри-Ланкаға ұшатын рейстер 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 қарашасына дейін тоқтатылатыны туралы ақпарат таратылған болатын. Бұл күндерді әуекомпаниядағылар растамаған.
Шри-Ланка - Үнді мұхитындағы шағын аралдық мемлекет. Туристер онда демалғанды ұнатады. Жыл бойы аралдағы климат жылы, температура күрт өзгермейді. Бірақ соған қарамастан өзінің климаттық ерекшеліктері бар.
Онда қыста барған жақсы. Күзгі-қысқы кезеңде ауа райы демалуға ыңғайлы. Сәуір жылдың ең ыстық айы болып саналады. Мамырда жаңбырлы маусым келеді, муссондар соғып, тропикалық жаңбыр жиі жауады.