Алматылықтарды Богданович мұздығына барудан уақытша бас тартуға шақырады

19.02.2021 18:30

Богданович мұздығы үлкен Талғар асуынан оңтүстік-батысқа қарай Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан

adrenalinicsilence.kz

Алматылықтарды Богданович мұздығына барудан уақытша бас тартуға шақырады. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков пен Алматы қаласы Құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Богданович мұздығы үлкен Талғар асуынан оңтүстік-батысқа қарай Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан. Биіктік айырмашылығы: теңіз деңгейінен 3160-3360 м биіктікте.Богданович мұздығының аумағында қаладан жақсы көрінетін көптеген әдемі шыңдар бар. Ауданның басты шыңы мен ең биік нүктесі – биіктігі 4376 м. Нұрсұлтан шыңы. Бұл шың – Іле Алатауының ең әдемі шыңы және Алматының визит карточкасы. Богданович мұздығы циркінің басқа да белгілі шыңдары: Абай шыңы, Школьник шыңы, Чкалов шыңы, Физкультурник шыңы, Амангелді шыңы, Пионер шыңы, Қарлытау шыңы.

Алматы әкімдігі қазіргі уақытта Богданович мұздығына барудан бас тартуды ұсынады.

«Қала тұрғындарын тауларда тайғақ соқпақтар мен тәуліктің әртүрлі уақытында температураның кенеттен өзгеруі кезінде маусымаралық жорықтардың қауіптілігі туралы ескерткіміз келеді. Қар көшкіні мен сел жүру ықтималдығы артады. Тауға шықпас бұрын таудағы жауын – шашынның ықтималдығын әрдайым тексеріп, сапар уақытын есептеңіздер», – деді Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков.

Бағыт Талғар асуына фуникулермен көтерілуден басталады. Мұздыққа қарай және артқа жаяу жүру бағыты 5-6 сағатты құрайды. Жаяу жүргіншілер бөлігінің ұзындығы – 8 км.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі тау қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 2021 жылы қосымша 120 км тау жолдарын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Таудағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жоспарланған:

• Кіші және Үлкен Алматы шатқалындағы 2 бақылау-құтқару пункті;

• Тау маршруттарының шалғай тораптық учаскелерінде қауіпсіздіктің 14 тірек нүктесі;

• «Тұйық-су» шатқалынан тікұшақ алаңы;

• 10 радиорелелік діңгектерді орнату (құтқару отрядтарына дабыл беру батырмаларымен);

• «Tau Go» смарт-навигатор қосымшасын әзірлеу.

Бұдан басқа, 2021 жылы таулы жерлерде арнайы бақылау-құтқару пункті құрылады, онда құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Тау құтқарушыларының қосымша штаты 16 адамды құрайды.