Еліміздегі ішкі туристер саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден де жоғары
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде еліміздегі ішкі туристер саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Мәселен биылғы 6 айда саяхаттаушылар статистикасы шамамен 28 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден де жоғары. Оған қоса шетелдік туристерді тарту үшін «Қазақстанға барудың 7 себебі» атты бағдарлама қолға алынбақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев халықпен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Айтуынша, соңғы жылдары елімізде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Цифрландыру мәселелері, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Шымбұлақ тау шаңғысы курортының қолжетімділігі, туристердің келіп-кетуіне бар жағдайдың жасалуы маңызды. Осы және басқа да мәселелер мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевпен кездесуде қозғалды. Өз кезегінде ол үкімет соңғы 5 жылда аталған салада үлкен жұмыстың атқарылғанын атап өтті. Ал саяхатшылар үшін барлық мүмкіндік жасалып жатыр деді.

«Жыл сайын кем дегенде 50 миллиард теңге жолға, кәріз құбырының құрылысына бөлінеді. Бұл бағытта қазір қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар Алматы өңірінің үш ұлттық паркін дамыту үшін тұрақты инвесторлар тартылды. Бүгінгі таңда қажетті күш қазірдің өзінде салынып отыр. Инвесторлар бірінші кезекте ыңғайлы навигация, бақылау палубалары, лагерьге арналған орындар және визит орталықтары сынды туристке негізгі қажетті тақырыптарды қозғап отыр», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ, вице-министр жыл соңына дейін е-шағым модулі пысықталатынын айтты. Цифрлық платформаның көмегімен еліміздің барлық өңірі бойынша мәліметтерді жинап, әкімдіктер жұмысының рейтингін жасау жоспарлануда.

«Біз қызметтің сапасыз деңгейі, жабық дәретхана немесе такси жүргізушілерінің алаяқттықа барғанын жиі естиміз. Сонымен қатар туризмнің әрбір объектісінде турист өз шағымын қалдыра алатындай QR-кодты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны орнатқымыз келеді», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Туризмнің қай саласын алып қарасақта қызмет сапасының маңыздылығы басты рөлге ие екені анық. Ал, вице-министр атап өткендей, биыл ішкі туризмнің рекордтық көрсеткіші - 7 миллион адамға жетіпті. Сондай-ақ, жарты жылдың қорытындысы бойынша шетелдік саяхатшылардың көрсеткіші жеті жүз мың болған. Ведомство басшылығы, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін миллионға жетуі мүмкін.

Әлібек Шынтемір, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Толық бейнематериалды сілтемеге өтіп, көре аласыздар

Новости партнеров