Түркияда жер сілкінісі болды

22.01.2025 10:00

Зардап шеккендер мен ғимараттың қирауы жайлы ақпарат болған жоқ

Xiangkun ZHU/unsplash.com/

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы эпицентрі Маниса қаласынан солтүстік-батысқа қарай 135 км жерде орналасқан, 243 мың адам тұратын елдімекенде 5 балдық жерасты дүмпулері болғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр. Зардап шеккендер мен ғимараттың қирауы жайлы ақпарат болған жоқ.

AFAD төтенше жағдайлар басқармасы, сонымен қатар жер сілкінісі Чанаккале провинциясына жақын жерде сағат 23:38-де тіркелгенін хабарлады, ошақ Түркия жағалауынан 7 км қашықтықта Эгей теңізінде 8,65 км тереңдікте орналасыпты.

Жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

Басқарманың хабарлауынша, қазіргі уақытта жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ.

Қызметкерлері мен жергілікті билік тексеруді жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың 6 ақпанында Түркияның Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болған. Жойқын жер сілкінісінен кейінгі тағы жүздеген дүмпу елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілген еді.

Оқи отырыңыз: Павлодарда ер адам екі жасар қыздың бұғанасын сындырған