Атақты спортшы 41 жаста еді
Аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz шетел басылымдарына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Калабасас қаласында орын алды. Спортшы жекеменшік тікұшақпен Калифорнияға ұшып бара жатқанда тікұшақ ішінен өрт шыққан.
Атақты спортшы 41 жаста еді.
Апат салдарынан даңқты спортшының 13 жастағы қызы Джанна да көз жұмды.
Сондай-ақ, тікұшақта болған тағы бір қыз әкесімен бірге мерт болды, деген ақпарат тарауда.
Коби Брайант – NBA-ның 5 дүркін чемпионы, кәсіпқой баскетболдағы карьерасын «Лос-Анджелес Лейкерсте» өткізген.