Ресейде Татарстанда құлаған ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін L-410 әуе кемелері ұшуы уақытша тоқтатылды
11 қазан Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Татарстан президенті Рустам Минниханов Мензелинск маңындағы 10 қазанда ұшақ апатына байланысты болған жиында осындай бұйрық шығарды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
«Мензелинскте құрылған штаб жиналысында Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді», – деп хабарлады Татарстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Лилия Галимова.
Ресейде Татарстанда құлаған ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін L-410 әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Татарстанның Мензелинск қаласының маңында бортында 23 жолаушысы бар ұшақ құлады.
L-410 ұшағының бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ Мензелинск қаласындағы қону жолағынан ұшқаннан кейін құлаған.
Құлаған ұшақ 2014 жылға дейін Қорғаныс министрлігінің балансында болған. Кейін әскери қимылдарға қатысудың ерікті бірлестігіне берілген.
Алдын ала болжам бойынша ұшақтың құлауына оның шамадан тыс жүктемесі себеп болуы мүмкін. Ұшақ 19 адамға лайықталған.