Измирдегі зілзала құрбандарының саны 102 адамға жетті

03.11.2020 23:40

Құтқарушылардың сөзінше, зардап шеккендер саны сағат сайын өсіп барады

inform.kz

Түркияда зілзаланың салдарынан көз жұмғандар саны 102 адамға жетті. Бұл туралы осы елдің үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін жер сілкінісінен 85 адам мерт болғаны айтылған еді. Құтқарушылардың сөзінше, зардап шеккендер саны сағат сайын өсіп барады. Ауруханаларға 994 адам жеткізілсе, 884-і медициналық көмек алған соң үйлеріне қайтарылған. Ал 147-сі ем қабылдап жатыр. Оның 12-сі жан сақтау бөлімінде. Қазіргі таңда қираған нысандардың 12-сін бөлшектеу аяқталды. 

Еске сала кетейік, жұма күні Измирде қуаты 6,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан 20 шақты нысан жермен жексен болған.