Британдық Оксфорд университеті мен AstraZeneca жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаның соңғы клиникалық сынақтары тоқтатылды. Вакцина Ұлыбританиядағы қатысушыларының біріне кері әсерін берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
AstraZeneca-Оксфорд университетінің вакцинасы әлемде жасалып жатқан ондаған вакцинаның үздіктері қатарына кіреді.
Вакцина 1 және 2 кезеңінде сынақтан сәтті өткен. Сол себепті нарықта алғашқылардың бірі болып қолданысқа шығады деген үлкен үміт болған.
Оның 3-тестілеу кезеңіне өтуі соңғы апталарда АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка елдерінен 30 мыңға жуық адам қатысуға тілек білдірген.
Вакциналарды сынаудың 3-кезеңі әдетте мыңдаған қатысушыларды қамтиды және бірнеше жылға созылуы мүмкін.