Техаста мектепте атыс болып, 21 адам көз жұмды

© Reuters
© Reuters
Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Техас штатының Ювалде қаласында (АҚШ) болған атыстан 14 мектеп оқушысы мен бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты.

Телеарнаның мәліметінше, атыс ұйымдастырушы мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған.

Полиция өкілі Пит Арредондо күдіктінің жалғыз әрекет еткенін, мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты.

Ювалде бастауыш мектебінде оқ атылғаны туралы АҚШ президенті Джо Байден де хабарлады.

Новости партнеров